Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ПРАЙМЕРИЗ КЕЗІНДЕГІ ЖАРИЯ ПІКІРСАЙЫС

Бүгінгі таңда халық «Nur Otan» партиясынан өзекті мәселелерді шешу және жаңашыл бастамаларды жүзеге асыру бойынша нақты шешімдер күтуде. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы тарапынан партиялық жүйені қайта жүктеу, ашық, партияішілік іріктеу – праймеризді өткізіп отыр. «Nur Otan» партиясының праймеризді өткізу ережесінің 12-тармағына сәйкес, Іле ауданы бойынша тіркелген 78 кандидат арасында 17-24 қыркүйек аралығында өзара жария пікірсайыс өткізілді. Праймериздің (алдын ала партияішілік іріктеу) мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымды қызметке ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Осыған орай, 19-қыркүйек күні сағат 10:00-де және 12:00-де Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде 2 топта барлығы 12 адам өзара пікірсайысқа түсті. Пікірсайыс басталмас бұрын ұйымдастыру комитеті үміткерлер арасында жеребе тарту рәсімін өткізіп, сөз сөйлеу реті анықталды. Жария пікірсайыс екі кезеңнен тұрады.

І кезеңде үміткерлер өзінің сайлау бағдарламаларына сәйкес нақты елдімекендердің көкейкесті мәселелерін шешу бойынша өз пайымдауларымен таныстырды. Сөз сөйлеуге регламент бойынша 5 минут уақыт берілді. ІІ кезеңде үміткерлер арасында «сұрақ-жауап» форматында пікірсайыс өткізілді. Үміткерлер өзара сұрақ қойып, пікір алмасты және залда отырған партия мүшелерінің сауалдарына да жауап берді. Бұл шараға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Жөргенбаев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б. Қарасаев қатысып, үміткерлерге сайлауалды бағдарламалардың орындалуы бойынша сұрақтар қойып, облыс, аудан көлемінде әлеуметтік-экономикалық даму бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар, өзекті мәселелерді шешу жолдары, партияішілік іріктеу-праймериздің өткізілу барысына тоқталып, пікір алмасты.

Пікірсайыс соңында модератор үміткерлердің өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысып, жетістікке жетулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.

Т. БІРІМЖАНОВ,
«Nur Otan» партиясы филиалының
кеңесшісі

Басқа жаңалықтар

Back to top button