Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

Қазақ халқы – қай заманда да жетімін шетке ысырып, жесірін жылатпаған ел. Аттандап, атой салып, ұрандап көпшілікке жария етпесе де, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан немесе қорғаушысынан айрылған балаларға көмек қолын созып жүрген азаматтар қазір де ел ішінде көптеп кездеседі. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасын табуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, оның әлеуметтік себептермен мек-тепке келмей қалуының алдын алу, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Акция барысында, біріншіден, әрбір елдімекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобын-дағы» (қадағалаусыз және панасыз, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар және мигранттар, қай-ыршы, далада жұмыс істейтін оқушылар) жасөспірімдерді анықтау үшін рейд жүргізіледі. Екіншіден, рейдтердің қорытындысы бойынша «тәуекел тобындағы» отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың дербес ті-зімдері жасалып, білім беру органдарына және демеушілерге беріледі. Үшіншіден, акция кезеңінде білім беру мекемелері мен ұйымдарында сенім телефон-дары мен қоғамдық қабыл-даулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады. Мінекей, осындай тәртіппен мектебімізде көмекті қажет ететін отбасылар анықталды. «Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі» екенін жан-жүрегімен сезінген мектебіміздің ұстаздары және ауылымыздағы жанашыр жандар әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға мүмкіндігінше жәрдем беріп, жас ұрпақтың тиісті білім алуына жағдай жасап отыр.

 

С. СӘРСЕНБАЕВА, № 5 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Басқа жаңалықтар

Back to top button