КӨППЕН КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Дәстүр бойынша биылғы оқу жылында Ынтымақ ауылы, №46 орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы ойдағыдай ұйым-дастырылды. Аталмыш акция бары-сында балаға мейірім сыйлауға, жақсылық жасауға қолын созған жанашыр, демеуші жандар көптеп табылды. Атап айтсақ, «Dolce pharm» ЖШС басшысы Ли Елена Эдуардовнаның, директоры Маржан Омарованың және Ғабдушева Күлсара Әбдімомынқызының ұйым-дастыруымен 54 оқушыға кеңсе тауарлары мен сөмке алып берілсе, ауылдың бас имамы М. Қабиев 5 оқушыны оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Іле коммуналдық шаруашылығының директоры Зәкіржанов Садыр Тұрсынжанұлы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына 50000 (елу мың) теңге қаржылай көмек көрсетті.
Аталмыш іс-шараға білім ордасының әкімшілігі мен ұжымы да атсалысып, 1 ноутбук, 59 компьютер, 1 телефон, 8 роутер сатып алып, бұл жабдықтарды көпбалалы, жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратты.
Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ар-найы тапсырмасына сәйкес, осы акцияға жаңашылдық енгізілді. Бұдан былай «Мектепке жол» акциясы екі ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады.
Жүрегі «халқым» деп соғатын демеушілерді күтеміз: Көппен көтерген жүк жеңіл…
С. ЖАРҚЫНБЕКОВ,
№46 орта мектептің директоры