Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратБілім және ғылым

Тілді құрметтеу-Отанды сүю

«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жү-ректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез-келген мемлекеттің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмасып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Тіл –  халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті болмысы деуге болады.

Тіл мерекесі басталысымен №1 орта мектептің ұстаздары да қашықтықтан оқытып жатқандарына қарамастан, жоспарға сәйкес, оқушылармен біріге отырып, мерекені атап өтті. «Заңғар», «Словесник» әдістемелік бірлестіктері «Тілді құрметтеу — Отанды сүю» тақырыбында мәнерлеп өлең оқуды ұйымдастырды. Оқушылар Zoom платформасы арқылы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. А. Байтұрсынов өлеңдерін мәнерлеп оқуды «Заңғар» әдістемелік бірлестігі жоғарғы деңгейде өткізді. Сонымен қатар, «Халық даналығы тілде» тақырыбында оқушылар эссе жазды. «Өнер» мен «Табиғат» әдістемелік бірлестіктері ұйымдастырған «Менің туған өлкем» тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Бастауыш сыныптары мен жоғарғы сыныптар тіл мерекесіне байланысты сынып сағаттарын Zoom платформасы арқылы қызықты өткізе алды.

Жоспар бойынша өткізілген іс-шараларды басшылыққа ала отырып, тіл –халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз екенін жас ұрпаққа толығымен түсіндіруіміз қажет.  Мемлекеттің  де, ұлттың да болашағының жарқын болуы тікелей тіл мәртебесіне байланысты. Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани дамуы жолында тіл саясатын барынша батыл қолға алып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру басты мақсатымыз болып саналуы қажет.

Н.МАТАҚБАЕВА,

 №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button