Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария
Қариясы бар ел — қазыналы ел. Иә, әдет-ғұрып, ырым -тыйым, жөн-жоралғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды.Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, жасы үлкен адамдардың еліне сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде.
Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады. Осы орайда Іле аудандық кітапханасы әлеуметтік желі оқырмандары назарына ардагер ұстаз, «Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек үздігі» төсбелгілерінің иегері, Іле аудандық Ә.Нұрқожа атындағы Халық ансамблінің мүшесі, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Отарбаева Күнсұлу Қуатбекқызымен сыр сұхбатты назарларыңызға ұсынады. 40 жылдық ұстаздық жолында бар ғұмырын шәкірт тәрбиелеумен қатар білім саласының дамуына арнаған ұлағатты ұстаз Күнсұлу Қуатбекқызының өнегелі ғұмыры жас ұрпаққа үлгі.