Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратЖетіген ауылдық округі

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ КҮШ ҚАЖЕТ

Құрылыс алаңдары облыс атқамінерлерінің басты назарында. Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли Іле ауданының Жетіген ауылына келді. Сапар барысында «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан№11 орта мектептің құрылыс қарқынымен  танысты. Аталған мектептің жөндеу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталып қазан айында аяқталуы тиіс. Бүгінде есік-терезелері жаңартылып, жылу жүйелері, қазандықтары қалыпқа келтірілді. Шатыры мен сыртқы келбеті де жаңа кейіпке енді. Құрылыстың қарқынын сынаған Рүстем Әлиұлы жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, мекеме жұмысшыларының санын арттырып, жұмыстың екпінін күшейтуді алға тартты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button