Мереке мерейлі өтті
«Ұлттың сақталуына да, жоғалауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» — деген қанатты сөзді қалдырған қазақ ақыны, тілші, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Қазақ тілінің мерейін өсіріп, абыройын асқақтататын «Тілдер мерекесінің» дара тұлғаның туған күнімен тұспа-тұс белгіленуі көңіл қуантады. Атаулы мерекеде жас ұрпақ санасына рухты, ғибратты тілімізге деген құрметті көрсететін әр түрлі іс-шаралар өткізу біздің, яғни ұстаздар қауымының алдындағы үлкен міндет! Биыл да жорғасынан жаңылмаған күйі №11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері тарапынан бұл бағыттағы іс-шара жоспары жасалынып бекітілді. Қашықтан оқыту барысында видеосабақтар, видеороликтер көрсетіліп, шара ойдағыдай өткізілді. Оқушылар тілге деген құрметтің, ықыластың мәнін сезіп, түсініп, өз үлестерін қосып, белсенді атсалысты.
Өз бойындағы білім нәрін шәкірт бойына сіңіріп, тәрбие бесігін тербетіп жүрген ұстаздар қауымының қазіргі уақытта атқарып жатқан ерен еңбектері ерекше. Барша мұғалімдерді білімді, тәрбиелі тұлға өсіруде еңбектеріңіз жемісті бола берсін деген тілекпен мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Г. БЕКБЕРГЕНОВА,
№11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі