Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Тағы да ерекшеленді

Электрондық үкімет порталының халыққа қолжетімділігіне қарамастан, кейбір азаматтар бұрынғыдай Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе мемлекеттік органдарға жүгіну арқылы мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алуды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алудың негізгі себептері азаматтардың мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндігі туралы хабардар және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу дағдыларының болмауы, яғни цифрлы сауаттылықтың төмендігі болып саналады.

Осыған байланысты, еріктілер жылы аясында Алматы облысында электронды мемлекеттік қызметтер мен мобильді қосымшаларды насихаттау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен «Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда.

Жобаның негізгі міндеті – облыс халқының 80%-дан астамын мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бойынша оқыту және түсіндіру іс-шараларымен қамту және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын насихаттау.

Іле ауданының еріктілерінен құралған «Іле Жүрегі» еріктілер клубы үлкен жұмыстар атқаруда. Еліміз үшін пандемия саладрынан туындаған қиын-қыстау кезеңде көмекке келіп, аянбай халыққа қолдан келгенше қызмет етуде.

Аудандағы халыққа қызмет көрсету ортылығының жаңа форматқа көшкендіктен қазіргі кезде еріктілер ХҚКО мамандарына көмектесіп, келушілерге ЭЦҚ арқылы кезекті брондау, смартфондар арқылы «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот @EgovKzBot мобильді мессенджерін пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ХҚКО келушілерге ара қашықтықты сақтау, арнайы шатырларда орналасқан компьютерлер арқылы кезекті брондау және қызмет алушылардың кезектерін дыбыс күшейткіш аппаратары арқылы хабарлап отырады.

Сонымен қатар 1 кенттік 9 ауылдық округте жергілікті әкімдік ғимаратындағы өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін әр ауылдық округте бекітілген еріктілер қызмет алушыларға көмек көрсетуде.

Бұған дейін еріктілер ағымдағы жылдың маусым айының 15-20 аралығында аудандық ХҚКО директорының және аудан әкімдігінің бірлескен жоспарға сәйкес кесте бойынша ХҚКО барып, оқыту курстарынан өткізілді.

Осының нәтижесінде жергілікті жерлердегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 3904 келушілерге ЭЦҚ, 17914 адамға түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

ХҚКО мен жергілікті әкімдіктердегі өзіне өзі қызмет көрсету жұмыстары дер кезінде дұрыс жолға қойылып, жұмыстар атқаруда.

Жуырда ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тарапынан ұйымдастырылған онлайн-кеңес аясында еріктілердің қызметі туралы есеп беріліп, аудан еріктілері электорнды қызметтері алуда ұсыныстар білдірді.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды түсіндіру іс-шараларын жүргізіп, сондай-ақ ауылдық елдімекендердің тұрғындарына баса назар аудара отырып, тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілдерін насихаттау бойынша қадамдық нұсқаулықтар таратылуда.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қызметтерді электронды түрде алуды түсіндіру мақсатында 4 іс шара өткізіліп, 1390 тұрғынға ақпараттық нұсқаулықтар таратылды.

Еріктілер қызметін ұйымдастыру үшін Іле ауданының жастар ресурстық орталығы ауылдық округте шағын-штаб құрылды. Түсіндіру іс-шараларымен қамту мақсатында еріктілер тартылды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша өткізіліп жатқан шараларға белсенділік танытып жүрген Ерубаев Дастан, Абдрахманова Динара, Нехорошев Сергей, Пономорева Айгерим, Дүйсенбай Сержан сынды еріктілерді атап өткен жөн.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button