1 қазан — Халықаралық Қарттар күні құтты болсын!!!
Қарттар күніне орай Іле ауданының жастар ресурстық орталығы қолдауымен, «Іле жүрегі» еріктілер тобы «Қарттарым аман-саумысың…» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Байсерке ауылдық округінде орналасқан қарттар үйіне барып, ата — апаларымыздың қал-жағдайын біліп, стол жайып, кішігірім концерттік программа ұйымдастырылды.
Бұл акцияның басты мақсаты жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедек қарттар мен соғыс ардагерлеріне қолғабыс ету. Оларды құрметтеп, өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.
Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше болған. Қарт адам қашанда шежіреші, үлгі-өнегенің, тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің қамқоршысы. Қариялар тұрғанда ақыл-ойың да тәжірибең де, сана сезімің де кем болмайды. Ендеше қарттарымыз қашанда аман-сау жүрсін деп тілейік.