Қайырымдылық — асыл қасиет
Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің, – дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырым-дылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде әр түрлі акциялар мен іс-шаралар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. «Мектепке жол» акциясы бойынша №2 орта мектеп МКМ-де жетім және аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы, толық емес отбасы оқушыларын мектепке дайындау барысында оларды оқу құрал-жабдықтармен, жалпымен бірдей білім алуларына барынша жағдай жасалынып жатыр. Осы акция барысында демеушілік көрсетіп көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасыларға барынша қол созып, көмектесіп жатқан мейірімді жандарға алғысымыз шексіз.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз…
Б. Қоныс, Г. Минбаева,
№2 орта мектеп әлеуметтік педагогтары