«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы еліміз бойынша биыл жыл бойы жүргізілетін болғандықтан ол бізде «Жүректен – жүрекке!» ұранымен өткізілуде. Акция аясында жаңа оқу жылында мектептегі қайырымды жандардың және ауылдағы демеушілердің көмегімен аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар материалдық көмек көрсетіліп, форма, оқу құралдары, спорттық киімдер, аяқ киімдермен қамтамасыз етілді.
Бұл қайырымды іске мектеп ұжымынан басқа А. Жандосов, С. Карменова сынды мемлекеттік қызметкерлер, «Жарбол» ЖШС-і, «Қазына», «Достық», «Диана» дүкендері белсене атсалысты. Мектеп ұжымының және кәсіпкер азаматтардың қолдауымен барлығы 350 000 теңге ақшалай қаражатқа 15 балаға смартфон, 25 балаға оқу құралдарын, 5 балаға киім алып берілді. Өзіміздің тарапымыздан демеушілерімізге алғыс білдіре отырып, қолдау көрсету шарасын одан әрі жалғастырмақпыз.
Адам баласы қандай жағдай болса да, бір-бірінен мейірімді, қамқорлықты, жылы сөздерді күтеді. Осы акцияны ұйымдастыру барысында қол ұшын созған мейірімді жандардың көрсеткен қайырымдылығы адамгершіліктің рухани құндылығына айналғандай!. Осыған орай мектеп ұжымы қайырымдылық акциясы кезінде қолдау көрсеткен демеушілерге алғысын білдіреді. Болашақ – жарқын жастардың қолында, сондықтан балаларды қолдау біздің борышымыз.
Н. Маханова,
№4 орта мектептің әлеуметтік педагогы