КӘСІПКЕРЛЕР КӨМЕГІ
М. Түймебаев ауылындағы №20 орта мектепте Республикалық «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасып келеді. Оқу ордасының кіреберісінде ақпараттық стенд жасалып, онда «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата-аналарды көмек көрсетуге шақырып, өтініш үндеуі орналасқан. Акция аясында мектептегі аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, толық емес, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетілуде. Аталған акцияға мектеп ұжымы да өз үлестерін қосып, көмек қолын ұсынуда. Оқушыларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуге демеушілік жасап, көмек-тескен мейірімді жандар да аз емес. Атап айтқанда, ауылымыздағы «Арзан», «Супер цена» дүкендері, «Қағаз Люкс» ЖШС ұжымы көмек қолын созды. Қазіргі кездегі қиын жағдайға қарамастан, көмек көрсетуге ниетті жандардың көп болуы көңіл қуантады. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж ата-аналар «Атамекенім» порталына тіркеліп, өз өтініштерін қалдыруда. Ауыл кәсіпкерлері де әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы оқушыларды оқу құралдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетуде. Акция әлі де өз жалғасын тауып келеді.
Өз тілшіміз.