Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Жүректен жүрекке

Республика көлемінде өтетін жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Жүректен – жүрекке» ұранымен өткізіледі. Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және оқушының әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Мектеп басшылығы атынан ауыл кәсіпкерлеріне және ірі шаруа қожалықтарына акцияның мақсатын түсіндіру мақсатында үндеу хат таратылды. Соның нәтижесінде жеке кәсібі бар ата-аналар Ю.Калыбаева, М.Әділбекова, З.Заитова А.Хамит оқушыларға мектепке керек оқу-құралдары мен спорт киімін, рюкзак алып берді. Мектеп әкімшілігі көрсеткен көмектері үшін демеушілерге шексіз алғыс білдіреді.

 

М. ҚҰСАЙЫН,

 №1 орта мектептің әлеуметтік педагогі

Басқа жаңалықтар

Back to top button