Алматы облысының жаңалықтарыДін және қоғамҚоғам

Көрші ақысы — Тәңір ақысы

Асыл дініміз Исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған.

Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 36-аятында «Аллаға құлшылық қылыңдар, оған ешқандайда серік қоспаңдар. Ата-аналарың мен жақындарыңа, жетімдер мен міскіндерге, туысқан мен көршілерге, жанашыр достарыңа, жолаушыға және өздеріңе бағынышты құлдар мен күндеріңе жақсылық жасаңдар», – делінген.

Көршің аш отырғанда, тойып ас ішіп, оған қараспауың күнә болып саналады. Сондықтан қиыншылық, жоқшылық уақыттарда көршіге қарайлау – имандылықтың белгісі. Халқымыздың басынан неше түрлі зобалаң өтті. Алтын басы қор болып, аша тұяғы қалмады. Сонда үйелмелі-сүйелмелі өз балаларының аузына тосқан бір тостаған ағарғанды көршісінің баласынан аяған жоқ. Бір-біріне қарайласып, жан бақты. Бір күлше нанын бөліп жеп, бір сиырдың сүтіне тойды.

Қазіргі қоғамда біз көршілерімізбен қандаймыз?

Кей кезде көрші ақысын елеусіз қалдырып жататын жайттар болады.

Сондықтан бабадан қалған дініміз бен дәстүр-салттарымызды сақтасақ, мұсылмандық, жалпы адами парызымызды орындағанымыз болып есептелінеді. «Басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздағанда» ғана емес, жылы шырай мен адами мейірім үшін бүгіннен бастап көршілерімізге тиесілі ақысын берейік!

Асан ЖОРАЕВ,

Жаңадәуір ауылының бас имамы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button