Керемет демалыс
«Балдәурен» Республикалық оқу- сауықтыру орталығы тікілей мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Артек» Халықаралық балалар орталығы негізінде құрылды.
«Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, — бұл оқу–педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени көпшілік, ғылыми –практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. “Балдәурен” РОСО еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі Бурабай курорты аймағында Щучье көлінің жағасында орналасқан. Қазіргі таңда «Балдәурен» –ТМО және Орталық Азия аймақтарындағы теңдесі жоқ бірден–бір балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауығуын ұйымдастыратын және олардың шығармашылықтарының дамуына барлық жағдайлар жасайтын Республикалық оқу–сауықтыру орталығы.
Орталық жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды. Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар. Гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер. Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа. Осы орайда айта кетсек «Балдәурен Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына демалу және білім алу үшін И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының 8-9 сыныптар арасынан 20 оқушы жіберілді.
2020 жылдың 04-23 қыркүйегі аралығында оқушыларымыз жақсы демалып,білім алатын болады. Білім алумен қатар оқушыларымыз өз өнерлерін көрсете отырып, сайыстарға белсенділік танытып біздің мектеп-интернатымыздың атын асқақтатып жүлделі орындарға жеңістерге ие болуда.
«Балдәурен Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында білім алып жатқан И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернат оқушылары облыстық білім басқармасының басшысы: Майгүл Төлеутайқызына, мектеп-интернат әкімшілігіне және сүйікті ұстаздарына өз алғыстарын білдіруде.
«Балдаурен Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілген «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» Лингвистикалық марафоны атты 12-ауысым бағдарламасы аясында өткізілген іс-шарада И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары өнерлерімен бөлісті.
И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық мектеп-интернатының 4-сынып, 10 оқушысы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім-беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жіберіліп, тегін жолдама алды.
А.Саменова,
мектеп- интернат тәлімгері: