Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылым

Тілге құрмет

Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл. Тіл – тек қарым-қатынас  құралы емес, ұлтымыздың  биік тұғыры. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында  да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді  жан-жақты дамытуға басты назарда ұстап келеді. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады.  Өз ана тілін  ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Елбасымыз 22 – қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп белгілеп отыр.

«Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар»

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», —  дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге шектеу жоқ. Дегенмен қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі бар.  Сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай.  Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқандай, туған тіліміз – тұғырымыз екенін әсте ұмытпайық, ағайын.

 

 Н. Тимурулы, №22 Тұрганбек Катаев атындағы мектептің  оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button