Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАщыбұлақ ауылдық округіҚоғам

ЧЕМПИОНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ.

Өткен демалыс күні Алматы облысы, Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Сағадат батыр — QTT» клубының жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың бастамасымен және Baqytty bolashaq қорының қолдауымен тазалық акциясы өтті.

«Табиғат тазалығы — адамзат саулығы» деп аталатын экологиялық акцияны ауылдық округтің әкімі Мұхит Кәрібаев та қолдады. Өзінің құттықтау сөзінде Мұхит Бақытұлы барлық акция қатысушыларына белсенділігі үшін ризашылығын білдіріп, оларға алдағы уақытта сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ аудан тұрғындарын табиғатты, өз жерін күтуге және осындай шараларды жиі ұйымдастыруға және тазалық челенджіне белсенділік танытып, қатысуға шақырды.

Сенбілікке жас спортшылар, джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жібек Құлымбетова, Алина Маханбет, Таймас Салимов, Ерасыл Қабышұлы, Нариман Дауылбаев және клубтың жаттықтырушылары — Елжан Жұмаділ, Самат Айтпанбет, Бекмұрат Қантұғаян қатысты.

Сонымен, қоғамдық кеңес мүшелері, директорлар, №36 және №44 мектептердің мұғалімдері мен оқушылары, сонымен қатар аудан тұрғындары болды. Олар тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қоқыстардан, сондай-ақ М.Түймебаев ауылында орналасқан стадион аумағын тазартты.

«Бүкіл аумақ бір жарым сағат ішінде тазартылды. Іс-шара флешмоб пен сергектік жаттығуымен жалғасты. Жергілікті тұрғындар мен ауданның барлық жастары қызығушылық танытты. Бұл бастама адам жанына қуаныш ұялатады. Акция алдағы уақытта да жалғасын табады. Мен эстафетаны достарым мен туыстарыма, соның ішінде ММА чемпионы Ардақ Назаровқа, сондай-ақ барлық қазақстандық спортшыларға, жаттықтырушыларға жаолдаймын », — деді акцияны ұйымдастырушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button