Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

АУЫЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Алматы облысы бойынша өнеркәсібі өркендеген Іле ауданының ішкі жолдарын жөндеуге 1372,5 млрд қаржы бөлініп, іске асып жатыр.

Қазіргі таңда ауданымыздың жол құрылыстары қыза түскен. Құрылыс сапасын аудан әкімі Бағдат Қарасаев тікелей өз бақылауында үстап отыр. Бұл ретте, мердігерлер күзге дейін 2020 жылғы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 9 ауылдық округ пен 1 ауылды қамтуы керек болатын. Соның ішінде 56 нысанда жұмыстар жүргізілуде. Энергетика, Байсерке, Жетіген, Ащыбұлақ, Междуреченск, Қараой, КазЦИК, Чапаев, Күрті және Боралдай кентідегі ауылішілік жолдың құрылысы толықтай аяқталуға жақын қалды.

Ауданымыздың ауылішілік жолдары кезең-кезеңімен жыл сайын жаңартылып отырады. Биыл да елімізде орын алған пандемияға қарамастан қомақты қаржы бөлініп отыр. Аталған 1372,5 миллиард теңгеге аудан көлеміндегі 815 шақырым жолдың ішінен округтер бойынша 27 нысан — көшелерде орташа жөндеу жасалса, 29 нысан – көшелердің жолы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ернат Жанабектің айтуынша, биыл ауданымыздағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 70 пайызға жеткізу көзделуде. Ол туралы бөлім басшысы: «Ауданымыз бойынша 57 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу және ағымдағы жөндеумен қамтылған. Жыл аяғына дейін жоспарда тұрған барлық жолдардың жұмыстарын аяқтаймыз. Оның ішінде ауылішілік жолдармен қатар замануи жарықтандыруларды да қамтыдық», — деді. Қазір құрылыс барысында мердігер «Hadid», «МАКДОРСТРОЙСЕРВИС», «SET KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестері тынымсыз жұмыс жүргізіп, ауылішілік жолдардың құрылысы қарқынды түрде жасалуда.

Б. ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button