Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы
«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі, жылдық перспективалық және тоқсандық жоспарлық жұмыстарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, жоғары тұрған органның актілерін орындаудың негізгі бөлімнің ұйымдастыру шаралары болып табылып, негізгі міндеті, Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу.
Бөлімде штат бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, оның 1–басшы, 2- бас мамандар (1-маман вакансия) және 5 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Іле ауданының жер қатынастары бөлімі қазіргі кезде аудандық сервистік әкімдік ғимаратында Өтеген батыр кенті З.Батталханов көшесі № 8 үйдегі мекен-жайда (байланыс телефонымыз:8 72752 5-60-17) қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынады.
Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен қағидалары қағаз түрінде және QR-код пен жасалынып, қабырғаға ілінген.
Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының Іле ауданының бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Яғни бөлім мамандары тікелей қызмет алушымен байланыссыз қарым-қатынас орнатпай «Е-ЛИЦЕНЗИЯЛАУ» ақпараттық жүйесі арқылы электронды қызметтер көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Іле ауданының бөлімі арқылы барлығы 1904 мемлекеттік қызмет көрсетілді, онын ішінде:
-«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» -барлығы -1585мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 1461 қызмет, заңды тұлғаға –124 қызмет;
-«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» стандарты бойынша- 138 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға-133 қызмет, заңды тұлғаға –5 қызмет;
-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» стандарты бойынша –181мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 156 қызмет, заңды тұлғаға – 25 қызмет көрсетілді.
Іле ауданы әкімі аппаратының жылдық жоспарына сәйкес бөлім арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда.
Атап айтқанда 2018-2019 жылдары бөлім арқылы 9 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді. Жәрмеңкеде келушілерге жер қатынастары саласында ұсынылатын қызметтерді электронды форматта алу туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 2963 ақпараттық насихат кітапшалары таратылды. Биылғы жылғы пандемеяға байланысты аталған жұмыстар онлайн түрде жалғасуда
Сонымен қатар тоқсан сайын бөлім басшысы Е.Нұрқасымов әлеуметтік желілер арқылы аудан жұртшылығына тікелей эфир арқылы қабылдау өткізіп, тұрғындар сұрағына жауаптар беруде. Мәселен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынған «QYZMET LIVE» жобасы аясында тікелей эфир өткізіліп, тұрғындар сұрақтарына жауаптар берілді.
Сонымен қатар жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аудандық «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы депутаттық фракция отырыстары мен қоғамдық кеңес алдында есеп беріп, қоғымдық ұйым мүшелері арасында ашықтық қағидаттарына сәйкес қоғамдық тыңдалымдар өткізіліп тұрады.
Бөлімге 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардан 673 өтініш түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан барлығы -592 өтініш, заңды тұлғалардан-81 өтініш түсті.
Сөз соңында аудан тұрғындарына еліміздегі пандемеялық жағдайды ескере отырып, жер қатынастары арқылы көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға шақырамыз.
Садықова Ұлбала Мейрамбекқызы
Іле ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы
Іле ауданы,
Өтеген батыр ауылы.