АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЙНАСЫ
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылып, қолдауды қажет ететін адамдарға қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр. Дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы №28 мектеп-гимназиясында да өтті. Акцияның мақсаты тұрмысы төмен және арнайы көмекті қажет ететін оқушыларға қол ұшын созып, әлеуметтік себептерге байланысты мектепке келе алмаудың алдын алу және жүрек жылуымен бөлісу болып табылады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», — демекші, атап айтар болсақ Іле ауданының қаржы бөлімінің басшысы Бөпетаева Қарлығаш Болысқызы, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Әлменов Ғабит Советұлы, «Даму» логистикалық орталығы және Байсерке әкімшілік тарапынан да, Іле аудандық жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Айтенова Жұмагүл Смаилқызы да өз үлестерін қосты. 2020-2021 оқу жылында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектебіміздің 31 оқушысы ұжым тарапынан оқу құралымен, киім-кешекпен, ұялы телефонмен қамтылды. Осындай жомарт жандардың игі істеріне өз алғысымызды білдіре отырып, әлі де болса көмекті қажет ететін отбасы бар екенін әсте естен шығармағанымыз жөн. Ендеше, бұл үрдіс өз жалғасын табады деген ойдамын.
Г.О.ТӨЛЕМІСОВА,
№28 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы