«ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ
Қазіргі таңда ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та белгілі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді.
Осыған орай, Құйған ауылы №32 орта мектепте 26-30 қазан аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық науқаны ұйымдастырылды. Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, мектпішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша іс-шаралар онлайн форматта өткізілді. 1-4 сыныптарда қашықтықтан ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы сынып сағаттары, ата-аналарға жадынамалар таратылды. Бастауыш сыныптардың жетекшілері өз сыныптарындағы оқушылар арасында сурет байқауын ұйымдастырып, оқушылардың салған суреттерінен бейнероликтер жасап, мектептің әлеуметтік парақшаларына жариялады. Қорыта айтқанда, «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық науқанында ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы көптеген мағлұматтар айтылды. Барлық оқушылар науқанға белсене атсалысты.
Г. БЕРГЕНТАЙ, №32 орта мектептің директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары