Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамРуханият

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ОЙШЫЛ АҚЫН

Биыл Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толды. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойына орай Абай шығармашылығы арқылы рухани жан дүниемізді байытып, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани азық алу мақсатында барлық жерде ауқымды іс-шаралар өткізілуде.

№34 орта мектебінде де мектеп директоры Абдуллаева Балия Жәкенқызының басшылығымен «Әлемге танылған — Ұлы Абай» атты ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында іс-шаралар кеңінен жүргізілді. Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты карантин талаптарын сақтай отырып, оқушылармен қашықтықтан жүргізілген сынып сағаттары мен шығарма, сурет байқаулары, ақын өлеңдері арқау болған тәрбие шаралары соның айқын дәлелі.

Бастауыш сынып оқушылары ақын шығарма-ларының желісі бойынша сурет салып, онда не бейнеленгені жайында өз ойларымен бөлісті. Мектеп кітапханашылары Айнабекова Ақмарал, Досымбекова Бақыт 5-8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу эстафетасын ұйымдастырды. Оқушылар эстафетаға белсенді қатысып, өздерінің ақынға деген құрметін көрсете білді. 6 «А» сынып оқушысы Қыдырбайқызы Инабат, 6 «В» сынып оқушысы Махамбетияр Жарас, 5 «В» сынып оқушысы Қапас Ақбаян Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін тебірене оқып, ерекше көзге түсті.

Сонымен қатар, Абай мұраларын сүйіп оқитын оқушыларымыз Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты шығармашылық байқауға қатысып, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі орындарды жеңіп алды. Жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орын алған 4 «В» сынып оқушысы Мұхтар Асанәліні, 1 «В» сынып оқушысы Артур Інжуді (жетекшісі – Жарасова Ақерке), 6 «А» сынып оқушылары Медет Абылайхан мен Қыдырбайқызы Инабатты, 8 «А» сынып оқушысы Ыдырышева Әселді (жетекшісі – Керуенова Гүлнар) «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын Саят Қамшыгер арнайы келіп марапаттап, сыйлықтарын ұсынды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ақын туралы: «Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», — деген еді. Абайдың даналығын насихаттау мұнымен шектеліп қалмай, өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.

 А. АЙНАБЕКОВА,

№34 орта мектеп кітапханашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button