Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

АХАТ бөлімі:мемлекеттік қызмет

АХАТ бөлімі мемлекеттік қызметтерді  «Неке /ерлі-зайыптылық/ және отбасы» туралы Кодексі және «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары» ҚР ӘМ №64 28.05.2020 жылы бұйрығымен бекітілген ережесін басшылыққа ала отырып атқарады.

Тіркеуші органдар, яғни АХАТ бөлімі төмендегідей қызметтерді көрсетеді:

  1. Тууды, қайтыс болуды, неке /ерлі-зайыптылықты/ қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;
  2. Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке /ана/ болуды белгілеу, ұл /қыз/ бала асырап алу кезінде түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;
  3. Бастапқы және қайталама куәліктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актілерінің көшірмелерін береді;
  4. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу:

Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат; туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімі;

Қазақстан Республикасынан тыс жерде дүниеге келген кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органында келесі құжаттардың бірін ұсынған кезде жүргізілуі мүмкін:

  1. Туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
  2. Туу туралы акті жазбасының көшірмелері;
  3. Туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы;

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді және анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде:

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы;
  2. Портал арқылы жүзеге асырылады;

Бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізілген жағдайда қайталама куәліктер беріледі;

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерін және анықтамалар беру – 3 жұмыс күні; Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері: қайталама куәліктер үшін – 1АЕК, анықтамалар – 0,3 АЕК;

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жайлы мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетуші арқылы;
  2. Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы;
  4. Портал арқылы жүзеге асырылады;

Қажетті құжаттар:

  1. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу өтініші;
  2. Медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат туралы мәліметтер;
  3. Қайтыс болған адамның жеке куәлігі;
  4. Қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
  5. Сот шешімі негізінде тіркелген жағдайда – қайтыс болу фактісін анықтау туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімі;
  6. Қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.

Б. БОЛАТОВА,

АХАТ бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button