Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыҚоғам

АР ОЖДАНЫ

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендедетіні, қоғамда демократиялық қайта құрылуларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде еліміздің мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарпынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, – «Бармақ басты көз қысты» әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне кедергі келтіретіні даусыз. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және  терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі  – лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындағы тәлім-тәрбиесі дұрыс болмауы ләзім. Тәрбие отбасынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы  материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патриоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Қазақстан – көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.

                         Т. БАЙТОРИНОВА,

Іле ауданының ҚІЖБ-нің ҚК қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button