Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ — АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

«№34 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 2020 жылдың 25 қазан 25 қараша  «Бала құқығы –адам құқығы» дүниежүзілік балаларды  қорғау күніне арналған айлығы өткізілуде .

«Бала құқығы –адам құқығы»  айлығының жоспары жасалып бекітілді.  Жоспар   бойыша 1-11 сынып аралығында оқушыларға қашықтықтан «өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары, сонымен қосы «Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» тақырыбында онлайн диалог  өткізілуде.

Сынып ата –аналарымен «Отбасындағы бала мен ата –ананың құқығы және міндеті» атты онлайн  ата аналар жиналысы өткізіліп, ата – аналарға кеңестер берілді.

Мектеп психологтары А.Алимкулова және М.Амантаев  1-11 сынып оқу-шыларымен «Өмірдің қиын жағдайлары және оны шешу жолдары» тақырыбында онлайн тренинг өткізді.

Кітапханашылардың  ұйымдастырылуымен  1-4 сынып оқушылары арасында «Біз бақытты баламыз» сурет сабақтары ұйымдастырылып, «Ақпараттық қауіпсіздік» видеоролик көрсетілді.

Сынып жетекшілер және ДТІЖО А.Келдібаева, С.Бердібекова 8-10 сынып оқушыларымен «Құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында зум платформасы арқылы пікірталас ұйымдастырды.

Мектеп психологы М.Амантаев  және ДТІЖО А.Келдібаева  «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен 5-7 сынып оқушыларымен қашықтықтан  дөңгелек үстел өткізіп, Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциямен таныстыру жұмысын жүргізді.

Айлық барысында мектепішілік мобильдік топ мүшелері «Түнгі ауылдағы балалар», «Көше» рейдтеріне шықты. Жүргізілген рейдтер барысында көңіл көтеретін ойын-сауық орындарына барған, түнде жүрген оқушылар анықталған жоқ.

А. Келдібаева

№34 орта мектептің ДТІЖО

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button