Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Қазақстан егемендігін алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысы саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда. Елбасы Н. Назарбаев «Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші», — деп атап өткен. Осыған байланысты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, аталған саланың дамуына басты назар аударуымыз қажет. Шынында да, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып саналады. Ол барлық саланы қамтып, соның ішіндегі азамат дүниеге келгеннен бастап, барлық өмір сүру кезеңінде қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатыны белгілі. Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің басты қызметі – азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.

Осыған орай, еліміздің барлық мектептерінде де халыққа мемлекеттік қызмет жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетудің бір саласы – бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беру мекемелерінде денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы оқуға бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру.

2020-2021 оқу жылында мектебімізде денсаулығына байланысты 8 оқушы үйден оқытылады. Үйден оқитын оқушыларға белгіленген сағат саны 84 сағатты құрайды. Оның ішінде 4 оқушы психологиялық дамуы тежелген / ЗПР/ бағдарламасымен оқыса, 3 оқушы қосалқы білім беру, 1 оқушы жалпыға бірдей білім беру бағдарламасымен білім алуда. Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай оларға тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрылып, ата-аналармен келісіліп, мектеп директорымен бекітілді. Әр пән бойынша оқу бғдарламалары, бақылау күнделігі мен сабаққа қатысу дәптерлері және жеке іс-құжаттары жасалған.

Әлеуметтік көмекті қажет ететін кейбір оқушыларға мектеп тарапынан көмек көрсетілуде. Оларға еліміздегі пандемияға байланысты қашықтан оқытылатын болғандықтан, мектеп тарапынан ноутбук, компьютерлер, планшеттер берілді. Бұл оқушыларға қызмет көрсету стандартына сәйкес, үйден оқитын оқушыларды мектепке қабылдап, оларға білім беретін мекеме тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей құжаттар қабылданады: ата-анасының өтініші, денсаулығына байланысты №5 облыстық психологиялық медициналық-педагогикалық консультатциялық және дәрігерлік-конусультациялық комиссияның қорытындылары мен мүгедектігі туралы анықтамалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету одан әрі жалғасын тауып, бақылауда ұсталынады.

А. Мошанова, №3 орта мектебінің мекеме басшысының

оқу ісі-жөніндегі орынбасары 

Басқа жаңалықтар

Back to top button