Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ӘРБІР АДАМНЫҢ ЖЕКЕ МІНДЕТІ

Бүгінгі елімізде қауіпті індет өршіп тұрған кезде оқу, білім алу қашықтан жүргізіліп, баламен етене жұмыс жасау мүмкіндігі бәсеңдеп қалмадыма?

Бала тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі —  ол бала құқығын қорғау, оған  мектеп жасынан бастап зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту, егер оның өмірінде осы жағдай   орын алып жатса зорлық-зомбылыққа қарсы бірге  күрес жүргізу.

Мектебізде онлайн форматта өткен тәрбие айлығының тақырыбы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» деп аталуы да кездейсоқ емес. Кейде отбасында кикілжің туындап, әлеуметтік мәселелер шешуін таппай жатқанда, бірінші кезекте балалар зардап шегеді. Зорлық балалардың денелік және психологиялық ден-саулықтары және жан-жақты даму-лары үшін ауыр машақат болып табылады. Сондықтан да оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуі маңызды екендігі баса айтылды. Зорлық зомбылыққа кез-дескен жағдайда мектепте әкім-шілікке, ұстаздарға, мектеп психологі көмектеріне жүгіну, мән-жайды жасыр-май айту маңызды екені түсіндірілді. Балалардың жеке чаттары арқылы анонимдік анкета алынып, қорықпай сыр бөлісуге шақырдық.

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, ден-саулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі — әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилак-тикалық сипаттағы  ақпараттық үгіт-теушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.

Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішім-дікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Бұл баланың психо-логиясына кері әсерін тигізеді.

Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның жеке міндеті.

  А. Берсугурова,

     № 21 ОМ  психологі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button