БАСТЫ МАҚСАТ-АШЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қазақстан Республикасысының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясында «Мемлекеттік қызмет көрсету-бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші»-деп атап өтуінің маңызы зор. Осыған байланысты мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.Бұл саясат-еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына,сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болары сөзсіз.
Мемлекеттік қызмет-бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаттарына сәйкес айқындалады.
Қағида дегеніміз не? Қағида — дегеніміз- мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы-мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.
Осы тұрғыда Байсерке ауылындағы «№12 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейде болуына бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік білім беру мекемесінде «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара аламайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру» қызметтері көрсетілді. Білім мекемесінде жыл басындағы білім алушы саны-2014, мектеп алды даярлық тобында тәрбиеленуші саны-109.
- Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беруде 2019-2020 оқу жылында 1 азаматқа қызмет көрсетілді.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомостволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша 176 оқушы бірінші сыныпқа еговпорталы арқылы қабылданса, 17 оқушыға қағаз түрінде қабылданды. Ал 10-шы сыныпқа қабылдануға 86 өтінім білдірілді. Негізгі мектепті 154 түлек аяқтап, олардың мемлекеттік грант бойынша арнаулы орта білім беру мекемесіне қабылданғаны-50,ақылы түрде 16 түлек білімін жалғастыруда. 11 сыныпты 45 түлек аяқтап, олардың 45-і орта мектепті бітіру аттестатын алды.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін 4 өтінім түсті.
Сондай-ақ, мектепте Өзіне–өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, ата-аналарға, жұртшылыққа қажетті қызмет көрсетеліп отыр.
Біздің басты мақсатымыз — аталған саланың дамуына сапалы жұмыс жүргізу деп білемін.
Табиғат Ибраймова
Байсерке ауылы
№12 орта мектеп директоры