Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына, олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Өмірдің кез келген заман ағымына орай жаңа бастамалар, тың ойлар бағдарлануда. Бұл дегеніміз қоғамның өзгеріп, ғылыми – техникалық прогрестің дамуы. Ендеше қазіргі таңдағы өзгерістердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр.Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізі! Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алатыны белгілі. Соның бірі Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру туралы бұйрықта қорытынды аттестаттау туралы ерекше қаралған. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат ұсынылатыны міндеттелген. Аталған заң негізінде №20 орта мектепте 2019 – 2020 оқу жылында 9 – сыныпты бітірген 171 оқушыға негізгі білім аттестат ұсынылса, 11 – сынып бітірген 76 түлекке орта білім туралы аттестат ұсынылды. 2020 – 2021 оқу жылында 10 сыныпқа 102 ата – ана өтініші бойыншаоқушылар қабылданып, 5 сынып комплектісіне топтастырылып мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР заңының 16 – бабына сәйкес білім беру ұйымына құжат қабылдау және оқуға қабылдау мақсатында 2020 – 2021 оқу жылында 1 – сыныпқа 290 ата — ана өтініші қабылданып,13 сынып комплектісіне топтастырылып мемлекеттік қызмет көрсетілді. Елімізде болып жатқан Коранавирус індетінің салдарынан мектеп оқушылары онлайн оқу форматына көшкен болатын. Осыған орай мектепте санитарлық қауіпсіздік ережелері сақтала отырып, 171 окушы, яғни 1 – сынып оқушылары кезеші сыныпка қабылданып , білім алуда. Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік ерекше қолға алынған. Жоғары да атап өткендей мемлекеттік қызмет қағидаларын негізге ала отырып білім беру сапасының жоғары болуына мән беру. Мемлекеттік қызметтің жүргізілуін басты назарда ұстай отырып мемлекеттік қызметтң саплы көрсету.
№20 орта мектеп
ДОІЖО Алмабекова Г.Қ.