Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – кепілдіқызмет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Негізінде көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптары және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

Стандарт дегеніміз — мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.

Ал, регламент — мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.

«№21 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бойыншатөмендегідей мемлкеттік қызмет түрлері көрсетілуде:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволықбағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру;
  3. Негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру;
  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, Жергілікті әкімшіліктің қолдауымен елдімекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру;

Мектебіміз бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволықбағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде2020-2021 оқу жылында «Алматы облысының сандық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітуімен мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру https://es.e-zhetysu.kz/login порталы арқылы электронды түрде 34 азаматтан 1- сыныпқа қабылдау туралы өтініші қабылданып, мемлекеттік қызмет көсетілді, ал қағаз жүзінде 8 азаматқа қызмет көрсетілді.Мектепалды даярлық тобына тәрбиеленушілердің де құжаттарын қабылдау жүргізіліп, 0 «А» қазақ тобына 5 бала, 0 «Б» орыс тобына 6 тәрбиеленуші, барлығы – 11 бала қабылданды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша ағымдығы оқу жылында үйден оқитын оқушылар тіркелген жоқ.

Негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  2019-2020 оқу жылында мектебімізде 9-сыныпты 32 оқушы аяқтап, негізгі орта білім алғандығы жайлы куәлік табысталды. Оның ішінде 14 оқушы колледждерге грантқа  оқуға түссе, 1 оқушы республикалық мектепке ауысып, 16 оқушымызмектепбімізде 10- сыныпта білім алуда. 2019-2020 оқу жылы 11-  сыныпты аяқтаған оқушылар болған жоқ.

Мектеп мұғалімдерінің, ата-аналары  қызмет алуын жеңілдету  мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы жұмыс жасауда. Қиындықтап туындаған жағдайда мамандар әдістемелік көмек көрсетеде.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы мұғалімдер мен ата-аналар, барлығы116 азамат мемлекеттік қызмет ала алды.

Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім алушылар қашықтықтан оқытып жатыр.Әлеуметтік көмекті қажет ететін көп балалы, аз қамтылған отбасы оқушыларына  онлайн түрде білім алуын ұйымдастыру мақсатында мектеп тарапынан компьютерлер, планшеттертаратылды.

2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап ата-аналардың өтініші негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіліп, санитарлық талаптарды сақтай отыра бір кезекші сынып ашылып,  13 оқушыға кезекші сыныпта білім алу ұыймдастырылды.

Мектебіміз бойынша білім беру мекемелерінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде

 

№21 орта мектебі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Тұрысбекова

Басқа жаңалықтар

Back to top button