Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Мемлекеттік қызмет —  халық алдындағы жауапты міндет

Мемлекеттік қызметші – халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір болса, халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. «Көргені жақсы көш бастайды» демекші, мектеп басшысы болып, әртүрлі көзқарастағы адамдарды «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай» етіп  ауызбірлікте ұстау да оңай шаруа емес. Мектеп басшысы — өзінің креативтілігімен, біліктілігімен басқарған ұжымына үлгі болатын басты тұлға.Ол тек  қарамағындағы қызметкерлерге  үлгі болып қана қоймайды, сонымен қатар бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отырады.Жас мамандарды жұмысқа үйретіп, төзімділікке, сабырлылыққа үйретуде орасан зор рөл атқарады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артып, тың  міндеттер жүктеп отыр. Бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталып, қазіргі уақытта жүзеге асырылуы қарқынды жүргізілуде. Президентіміз  өзінің үсіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде жарияланған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне  қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып,нақты нәтижеге қол  жеткізуді талап етемін. Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді» деп атап көрсеткен болатын.

Президент Жарлығымен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері болып екіге бөлінеді. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңартылып отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түседі және жүйелі сипатқа ие болады. Міне, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң осындай ұстанымдарға негізделсе, оның өзі халықаралық стандарттарға бағдарланған. Жаңа заңға бірқатар қағидатты нормалар енгізілген. Мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болады. Осыған орай, мектеп басшылары да мемлекеттік қызмет көрсетуде сапалы кадрларды іріктеп қабылдауда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген ойдамыз.Әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметіне адал болып, туған жерге жанашырлық танытса, өз ісіне деген сүйіспеншілік болса, ол жерде сыбайлас жемқорлық туралы сөзге орын табылмас еді.Кез келген мектеп қызметкері, яғни ұстаздар шәкіртіне үлгі болу үшін, өзінің бойында адалдығымен үлгі болуы керек.Еліміздің ертеңі болатын болашақ ұрпақтың келешегінің кемел болуы тікелей ұстаздарға байланысты.Олай болса, бала тәрбиесі баршамызды толғандыруы тиіс.

 

Комсомол ауылы, №31 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрманәліқызы және қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі: К.Абдикаимова

Басқа жаңалықтар

Back to top button