Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету – заман талабы

Бүгінгі күні уақытты талап ететін сансыз анықтамаларды өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы жүзеге асырудамыз. Қажетті құжаттарды алу үшін жұмыстан сұранып, халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ. Бұл шаруа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының көмегімен әжептәуір жеңілдеді. Біздің, Мұхамеджан Түймебаев ауылының  «№19 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Яғни, олар электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметті ала алады, атап айтқанда қызметкерлер алысқа бармай-ақ  қажетті мемлекеттік қызметтер, мекенжай анықтамасы, сотталмағаны туралы анықтамалар және тағы басқа қажетті анықтамаларды ала алады. Жұмысбасты жандар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының арқасында уақытын үнемдейді. Бір құжат үшін қызмет көрсету орталығына бару керек деп жанталасудың қажеті жоқ.
Мұндай бұрыш қазіргі заманда өзінің тиімділігін барынша дәлелдеп отыр.

         Мектебімізде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  жауапты қызметкерлер  бекітілген. ҚР мемлекет басшысының Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Мектептегі Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы жұмысы  жүйелік администратор тарапынан  үздіксіз қадағалануда.

«Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша  2020-2021 оқу жылында ҚР Білім дәне ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы, бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды. 2020-2021 оқу жылына 01.06-31.08 күндері аралығында 1 қазақ сыныптарына 119, 1 орыс сыныптарына 64 оқушы, жалпы 1 сыныпқа 183 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде  177 оқушы электронды түрде қабылданса, 6 оқушы қағаз түрінде, ал  мектепалды даярлық тобына — қазақ тобына 53, орыс тобына 18, жалпы 71 балаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.   2019-2020 оқу жылында 9 сыныптарды 104 оқушы аяқтап, 10 сыныпқа 51 оқушы қабылданды.

Ыстық тамақпен 189 оқушы қамтылған, аталған оқушыларға ыстық тамақ бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетіліп, әлеуметтік педагогтер сынып жетекшілермен тығыз байланыста болып отыр. Карантин бітсе, әр ата-ана, әр баланың тұрмыс-жағдайын зерттеп, АКТ (ЖБУ) толтырып, мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Мектебімізде үйден оқыту бойынша 4 оқушыға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, үйден оқытылады.  Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша  15 мұғалімге мемлекеттік қызмет көрсетіліп, құжаттары жинақталды.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі және жалпы орта білім туралы жоғалған аттестаттардың 12 телнұсқаларын дайындауға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.   Аталған жұмыстарды оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Балғабаева Ақерке Әбдімәжитқызы  жыл бойы қадағалап келеді.

Бейсенбаева Маржан Жұмабекқызы

 №19 орта мектеп директоры

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button