Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік қызмет сапасы – ел болашағы

Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiндеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет алуға барлығының бірдей қол жеткiзуi. Осы арада барлығына бірдей қол жетімділік деп бірінші кезекте электронды қызмет алуды айтуға болады. Яғни, электронды үкімет порталы арқылы қолымыздағы цифрлы қолтаңбаның көмегімен, ешбір адамның көмегінсіз, кез келген қызметті көрсетілген уақытта алу артықшылығына ие болуды білдіреді.Бұл өз алдына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, әрқайсымыздың цифрлы сауаттылығымызды жоғарылатып, бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайды. Олай болса, қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр. Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шолу жасасақ, мектебімізде мемлекеттік қызмет түрлері жоғары деңгейде көрсетіліп келеді. «Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау» мәселесі бойынша 2020-2021 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде мектепішілік бұйрық шығарылды. Мектепке құжаттарды қабылдау egov.kz порталында және оған мүмкіндігі жоқ ата-аналардан карантин талаптарын сақтай отырып қағаз түрінде жүзеге асырылды. Биылғы оқу жылында электронды түрде 149 оқушы, ал қағаз түрінде 7 оқушы қабылданып, 1-сыныптың табалдырығын аттады. Келесі өзекті мәселе, яғни, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру ісі бойынша да біраз жұмыс атқарылды. Білім беру мекемесі тарапынан жүргізілетін келесі мемлекеттік қызмет түрі – негізгі орта (9-сынып), жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және олардың телнұсқаларын беру болып табылады. Мектебімізде 9,11 сыныптардан кейін әр түрлі жағдайға байланысты  5 дана негізгі орта білім және жалпы орта білім туралы аттестаттарының  телнұсқалары берілді. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Коронавирус індетінің салдарынан еліміздегі мектептердің басым бөлігі қашықтықтан оқытып жатыр. Мектебімізде мұғалімдердің, ата-аналардың халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, онлайн қызмет алуын жеңілдету  мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы іске қосылған болатын. Бұл карантин кезінде ата-аналар үшін балаларын мектепке қабылдау мәселесін шешудің оңай  жолы екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі  таңда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы ата-аналарға, мұғалімдерге  және ауыл тұрғындарына 259  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл – мемлекетіміздің, мектебіміздің де біртіндеп цифрлық жүйеге көшуінің белгісі.Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде.

                                                                                 Н.Тілендиев ауылы

                                                                          «№26 орта мектеп» МКМ

Директоры

                                                                 Наурызбаев Аманжаол Саймолдинович

Басқа жаңалықтар

Back to top button