Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА АЛУ МҮМКІНДІГІ МЕКТЕПТЕ

Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауында  «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында, барлық білім беру ұйымдарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, жұмыс жасауда. Бұл бағдарлама аясында Байсерке ауылдық округінің Жаңаталап ауылында «№25 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» 2018 жылдың тамыз  айынан бастап өз жұмысын атқаруда. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қажетті құрал-жабдықтармен   қамтылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының  басты мақсаты «Электронды үкімет» порталының танымалдығын кеңейтуге және тұрғындар арасында компьютерлік сауаттылықты көтеру, әрбір тілек білдіруші өз кезегін күтпестен аталған бұрыштың көмегімен электронды форматтағы қандай да мемлекеттік қызметке дербес тапсырыс бере алу мақсатында жұмыс жасайды.

Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба(ЭЦҚ) болмаған жағдайда да, азаматтың мемлекеттік қызметті бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) бармай-ақ,электрондық цифрлық қолтаңба алуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда мұғалімдер және ауыл тұрғындары  электрондық үкімет порталынан жалпыға қолжетімді мемлекеттік қызметтердің анықтамаларын мектеп қабырғасында жүріп қол жеткізуде. 2020 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін 157 адам мемлекеттік қызметтердің анықтамаларын алды.  Өз уақытыңызды үнемдей отырып «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» тиімді пайдалана біліңіз!

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының» мекен-жайы : Жаңаталап ауылы, Колхозная көшесі №2,  № 25 орта мектебі.

Байланыс телефоны-8727-304-43-83

 

 

Агманова Н.Б.

25 орта  мектеп  директоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button