Мемлекеттік қызмет көрсету – бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі!
«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», — дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында.
Елбасымыз осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді.
Білім беру саласында еңбек етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерін бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Осы мектеп қабырғасындағы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы халықпен тікелей жұмыс жасап, құжаттарды дер кезінде дайын етіп, сапалы қызмет көрсете білу қай кезде болсын ең маңызды мәселе.
Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық – технологиялық инновациялар ел дамуына шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.Мемлекет басшысының жүктеген міндеттеріне сәйкес Үкімет халыққа қызмет көрсету аясын кеңейте түсті. Бұл орайда Әділет министрлігі аталған міндеттерді орындау жолында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көптеген жұмыс атқарып келеді. Бұрынғыдай емес, қазір қызмет көрсету саны да, сапасы да және оның түрі де көбейе бастады.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз – көрсетілген қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру.
«№17 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпыға қол жетімді мемлекеттік қызметтерді алу үшін»электронды үкімет» мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, онлайн қызмет алуын жеңілдету мақсатында «Өзіне-өзіқызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған. Ата-аналарға, оқушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП), «Электрондық үкіметтің» веб-порталынан анықтамаларды алуға түсінік жұмыстары жүргізіледі.
Мектебімізде мемлекеттік қызмет түрлері жоғарғы деңгейде көрсетіліп келеді. Мектептегі құжаттарды қабылдау egov.kz порталында сол сияқты мүмкіндігі жоқ ата-аналардан карантин талаптарын сақтай отырып, қағаз түрінде жүзеге асырылып отырады.Осы күнгі көрсеткіш бойынша 377 қызмет көрсетілді. Биылғы оқу жылында электронды түрде 214 оқушы, ал қағаз түрінде 8 оқушы қабылданып, 1-сыныпқа табалдырығын аттады.
Мектепте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, төмендегідей:
Мектептердегі құжаттарды қабылдау
- Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау
- Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде және тегін оқуға ұйымдастыру
- Негізгі орта (9-сынып) жалпы орта (11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және оның түпнұсқаларын беру. т.б.
- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес, жергілікті әкімшіліктің қолдауымен елдімекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушылардан таяу жердегі мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізуді ұйымдастыру.
Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтан көрсетіліп жатыр. Бұл дегеніміз — мектептеріміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын білім ошақтары екендігінің бір дәлелі десек болады.
«Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасына сәйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.
Бектұрғанқызы Арай
Іс жүргізуші
Іле ауданы Боралдай кенті
«№17 орта мектеп»МКМ