Мемлекеттік қызмет сапасы-ел болашағы
Заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін -білім» десек, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп.Бұл ұлттық мектептің аса маңызды міндеті деп білемін.Бүгінгі жаңа дәуірдің ,жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр,олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ десек,ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту деп ойлаймын.Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады.Күннен күнге дамып,қарапайым халыққа,өскелең ұрпағымызға қолжетімді және тиімді бола түсті.Мектебімізде де білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетіліп отыр.Қашықтықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен ,мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтықтан көрсетіліп отыр.Мектебімізде көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет түрлеріне шолу жасай келсек,Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес,төмендегідей:
- Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау.
- Бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдары денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде және тегін оқуға ұйымдастыру.
- Негізгі орта(9-сынып) жалпы орта(11-сынып) білім беру туралы құжаттарды және оның түпнұсқаларын беру.
- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес, жергілікті әкімшіліктің қолдауымен елдімекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушылардан таяу жердегі мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізуді ұйымдастыру.
Мектебімізде осы аталған қызмет түрлері жоғарғы деңгейде көрсетіліп келеді десек те болады.Мектептегі құжаттарды қабылдау egov.kz порталында жүзеге асып отыр.Сол сияқты мүмкіндігі жоқ ата-аналардан карантин талаптарын сақтай отырып,қағаз түрінде қабылдап отырмыз.» Биылғы 2020-2021 оқу жылында 159 оқушы электронды түрде, ал қағаз түрінде 20 оқушы қабылданып, 1- сыныптың табалдырығын аттады.
«Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасына сәйкес электронды түрде қызмет көрсету қарқынды дамып отыр десек те болады.Елімізге келген індет салдарынан мектептердің басым бөлігі қашықтықтан білім беруде. Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына -бармай-ақ мектебімізде «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» іске қосылған.Бұл барлық мәселені шешуге оңтайлы жол екендігін көрсетіп отыр.Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік ерекше қолға алынған.Жоғарыда атап өткендей мемлекеттік қызмет қағидаларын негізге ала отырып,білім беру сапасының жоғары болуына мән беру.Олай болса,қазіргі таңдағы мемлекеттік мекемелердің барлығындағы өзекті мәселенің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып отыр.
Мектебімізде білім беру мекемелері тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері өз деңгейінде көрсетілуде.Қазіргі таңда қашықтықтан білім беру жүйесіне көшкендіктен, мемлекеттік қызмет түрлері де қашықтықтан көрсетіліп жатыр.Бұл – мектебіміздің заман ағымынан кеш қалмай, қоғам сұранысын қанағаттандыра алатын, жаңашыл білім ошақтарының бірі екендігін көрсетеді.
Жунисова Жаксыгул Мелисовна
№ 9 орта мектептің директоры