Қызмет көрсету бұрышы
Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылындағы №27 орта мектепте «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» 2018 жылдан бері жұмыс жүргізіп келеді. Қызмет көрсету бұрышын ашудағы мақсат – мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіріп, қызметтерді қолжетімді етуге жағдай жасау, өсіп келе жатқан ұрпақтың электронды сервистерді пайдалана білуге деген қызықшылығын арттыру. Осы мақсатта мектебімізде ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» egov. kz порталына еркін кіру үшін ғаламторға тіркелген компьютер мен қызмет түрін қағазға шығару үшін принтер қойылды.
Алдымен ата–аналарға, оқушыларға электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ), электрондық үкіметтің веб-порталынан өзіне қажетті анықтамаларды алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үйіне интернет желісі тартылмаған немесе компьютері жоқ ата-аналар кез келген уақытта өзіне керекті қызметті үкімет порталы арқылы ала алады. «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының көмегімен Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезекке тұрмайды, уақытын үнемдей алады. Мектептегі «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» тек мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға ғана емес, ауыл тұрғындарына да қызмет көрсетіп келеді.
Н.К.Турикпенбаев