Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары

2015 жылдың  20 мамырында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасы қабылданған болатын.

Аталған 5 институттық реформаның ең алғашқысы КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУҒА  бағытталған.  Бұл саладағы жұмыстарды  орындау бағытында   мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында 2015 жылдың 29 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі»  қабылданып, осы Этика кодексінің талаптарын орындау үшін мемлекеттік мекемелердің жұмысын үйлестіруге жауапты құрылым қалыптастырылды.  Қаулы бойынша орталық мемлекеттік мекемелерде және облыс әкімдерінің аппараттарында этика жөніндегі уәкілдердің тәуелсіз лауазымы енгізілді. Қалалық және аудандық деңгейлерде этика жөніндегі уәкілдің функциялары әкім аппаратының жауапты қызметкерлеріне жүктеледі.

Бүгінгі таңда, Әдеп жөніндегі уәкіл институты мемлекеттік мекемелерде өз маңыздылығын көрсетуде. Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Осы орайда, Іле ауданының мемлекеттік қызметшілерімен  кездесуге Алматы облысы бойынша  Әдеп жөніндегі уәкіл Ғабит Тұрсынбай арнайы келіп, ZOOM платформасында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен кездесу өткізді. Кездесуге  аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Әдеп жөніндегі уәкіл Ғабит Тұрсынбай қатысушыларға төмендегі өзгерістер туралы кеңінен тоқталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, квазимемлекеттік сектор нысандарында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор нысандарында комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген.

Атап айтқанда, Азаматтық кодексте қазіргі енгізілген өзгеріске сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады.

Азаматтық кодекстің мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыйға тарту мәселелерін реттейтін ережелерін қолданыстағы заңнама нормаларымен үйлестіру қажеттілігі «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің 2018 жылғы 5 маусымдағы жолдауында көрсетілген болатын.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес («Пара беру») мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Ал, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676, 678-баптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға заңсыз сыйлықтар беруі әкімшілік сыбайлас жемқорлық әрекет болып табылады.

Осылайша, қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық субъектілеріне олардың лауазымдық жағдайына байланысты кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. (құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады)

Сондықтан, Азаматтық кодекстің 509-бабымен көзделген нормасы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің нормаларымен сәйкес келтірілген.

Мемлекеттік қызметшінің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.

 

Асем Нұрахметова, Іле ауданы әкімі аппаратының

персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button