ЫНТЫМАҒЫМЫЗ АРТА БЕРСІН!
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің маңыздылығы орасан зор. Өйткені, дәл осы 1 желтоқсанда еліміз тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланған еді. Бұл күннің айтулы мереке болып белгіленуі Н. Ә. Назарбаевтың егеменді елімізге, мемлекетімізге сіңірген өлшеусіз еңбегіне деген құрмет болып табылады. Шын мәнінде Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның бірлігін, адамның Конституциялық құқығын қамтамасыз етіп, тәуелсіз мемлекеттің негізін салды. Тәуелсіз ел атанып, көк байрағымыз көкке желбіреген алғашқы күннен бастап Елбасымыз ауқымды саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларды батыл түрде жүзеге асырып, Қазақстанды заманауи, бәсе-кеге қабілетті, өркениетті мемлекет қатарына қосты. Ұлт көшбасшысының тәуелсіз экономиканың қар-қынды дамуы, тұрақтылық пен бейбітшілік, қоғамдық келісім, әлеует пен әлеумет жолындағы сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан гүлденіп, көркейген, әл-ауқаты жақсарған мемлекеттердің қатарынан ойып тұрып орын алды.
Мағанасы зор, тағылымды мереке қарсаңында ауданда бірқатар игі істер атқарылды. Әлемдік пандемияға қарамастан ауданның экономикасы артып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.Өндіріс, құрылыс, ауылшаруашылығы саласында біраз ілгерілеушілік бар.
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді осынау тағылымды мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.
Бірліктеріңіз жарасып, ынтымақтарыңыз арта берсін!
Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі,
«Nur Otan» партиясы
Іле аудандық филиалының төрағасы