Алматы облысының жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Аламаты облысында екі колледж жатақханасы білімгерлерге  есігін ашты

«Балам дейтін  елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын», -деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш арысы айтқандай қазіргі жастарға мемлекетіміз  баржағынан қамқорлық жасап келеді.Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ЖОО мен колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысын жандандыра отырып 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салуды» тапсырған болатын. Осының өзі «қоғамның қозғаушы күштеріне» аударылып отырған назардың айқын көрінісі емес пе. Елбасының бұл тапсырамсын орындау Жетісу жерінде қарқынды жүзеге асуда. Оған дәлел Талдықорғанда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен екі бірдей «Студенттер үйінің» қолданысқа берілуі.

Екі нысанның да ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Баталов арнайы келіп, ресми түрде лентасын қиды.

«Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджет қаржысына жатақхана салу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін 1 студенттер үйі Үштөбе қаласында пайдалануға берілді, ал бірнеше ай бұрын Талдықорғанда 9 қабатты жаңа жатақхана іске қосылды. Біздің балаларымыз тұратын жерлер барынша жайлы, ал білім беру сапалы болуы тиіс деп есептеймін. Сонымен қатар, Алматы облысында басқа да білім беру мекемелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Мектептердің құрылысы мен жөндеуіне бөлінетін бюджет көлемі  жыл сайын өсіп келеді. Үш ауысымды мектептер мәселесі шешілуде, балабақшалар да ашылуда», – дейді Амандық Баталов.

Алғаш болып ашылу салтанаты өткен нысан ол, Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің жанынан бой көтерген. Алдағы уақытта 280 білімгер екінші үйлеріне тұрақтай алады. Жатақхана заман талаптарына сай жасақталған. Үдеден шығу үшін жауапты мердігер компаниия «Жөндеу Құрылыс» ЖШС барын салғаны көрініп-ақ тұр. 5 қабатты ғимараттың жалпы ауданы 5,590 мың шаршы метр. Студенттерге арналған бұл жатын орынның   әр секциясында ас дайындау және тазалық бөлмелері орналасқан. Жатақхана ішіндегі әр бөлмеге 2, 3 адам қоныстана алады. Сондай-ақ, әр қабатта кір жуу, киім үтіктеу, оқу-дайындық және демалысқа арналған бөлмелер бар. 1-қабатында 20 орынға лайықталған асхана жайғастырылған.  Ақжолтай хабарды естіп, жаңа нысанның келбетін көріп тамсанған білімгерлердің қуанышын да шек жоқ. Солардың бірі Ұлар Сауыт .

«Бүгін 85 жылдан астам тарихы бар колледжіміз үшін ерекше күн, себебі, болашақ орта буын медицина мамандарына арналған жаңа студенттер үйінің тұсауы кесіліп отыр. Бұл өзім оқып отырған оқу орнымның 1350 студенттің қуанышы және жастарға артылған үлкен сенім  деп  білемін. Біз медицина мамандығын таңдаған білімгерлер,  антымызға адал болып,  ел бастаған ағалардың, жалпы халықтың үміт сенімдерін  ақтап, ұлт саулығын сақтауға өз үлесімізді қосамыз. Елбасына, Сізге Амандық Ғаббасұлы, барша студенттер атынан үлкен алғысымызды  айтамыз. ​Қуаныш құтты болсын!»,-деді Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің студенті Ұлар Сауыт.

Бұл күн, тек студенттер үшін ғана емес, мекеме басшылығы үшін де есте қаларлық. Қанатының астында тәлім алып жатқан білімгерлердің қуанышы меніңде шаттығым деп отыр мекеме басшысы.

«Бүгінгі күн біздің білім беру мекемесінің тарихында қалады. Биыл бізге 80 жыл толады. Біз үшін жасалып жатқан барлық жағдайдың арқасында,жоғары медициналық колледж ғылым ордасы болады деп сеніммен айта аламын және біз болашақ медицина ғылымдарының докторларын,жоғары санатты дәрігерлерді тәрбиелей аламыз», — деп бөлісті Талдықорған жоғарғы медициналық колледжінің директоры Серік Жансеңгіров.

Келесі лентасы қиылған ғимарат Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жаңа жатақханасы.  Құрылыс жұмыстары жыл басында басталып Тәуелсіздік мерекесіне орай мәресіне жетіп отырған жайы бар. Барша жауапкершілікті өз мойындарына алған мердігер компания«СЕМ — Шоғы Құрылыс — Сервис» ЖШС.  Студенттер үйінің сыймдылығы 200 орын.

Бүгінгі күні инженерлік-коммуникациялық желілер қалалық желілерге толығымен қосылған,  жатақхана аумағы тұтастай  абаттандырудан өтіп, тас жол төселіп, жарық шамдары орнатылған.  Жатақхана 5 қабаттан тұрады. Жалпы ауданы 4421 шаршы метрді құрайды. Бөлмелердің тұтастай көлеміне келер болсақ, 2 кісілік 12,05 шаршы метр, 3 адамға арналғаны 18,14 шаршы метр аумақты алып жатыр.  2 адамға арналған тұрғын бөлме – 36, 3 адамға арналған тұрғын бөлме – 42. Барлығы 78.

Бұдан бөлек, ғимарат ішінде сабақ оқитын  және демалатын, тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер, изоляторы бар медициналық пункт, қоғамдық тамақтану орны және қызметтік-техникалық үй-жайлар орналасқан. Сонымен қатар, әр блокта кіреберіс, ас үй, жуынатын орын, санитарлық торап бар. Тіпті білімгерлерге бұқаралық спорт түрімен айналысуға да мүмкіндіктер қарастырылған. Тәлім алушы жастарға осы тектес  қолайлы жағдай жасауға қазынадан 681,5 млн. теңге қаржы бөлінген.  Колледж меншігіне өткен бұл ғимаратқа ендігіде елдің көшін алға бастар тұлғалар қоныстанады деп сенім білдіруде оқу орнының басшылығы.

«Мемлекетіміз жастардың білім алып, кәсіп үйренуіне, ғылыммен айналысуына, интеллектуалдық тұрғыдан дамуына инвестиция салып, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға көмектесуде. Бүгінгі лентасын қиып отырған жаңа жатақхана соның дәлелі. Біз білім беріп жатқан жастарға осындай жағдай жасағаны үшін Елбасына, Президентімізге, облыс басшысына айтар алғысымыз шексіз. Құрметті студенттер, мемлекет сіздерге осы елдің азаматы ретінде барынша жағдай жасап жатыр, ал сіздер өз кезектеріңізде жақсы білімдеріңізбен қайтарым жасайды деген сенімдемін»,-дейді Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерхат Мұқажанов.

Жетісу жерінде жасалынып жатқан бұл жобаның негізгі мақсаты студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту және білім сапасын арттыру болып табылады. Бұл тұрғысында тәлім алушылар ел билігіне өз алғыстарын жаудыруда.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының  3 курс  білімгерімін. Мен 2020 жылы WSK чемпионатының  «Интернет заттары» құзыреттілігі бойынша жүлделі орынға ие болдым. Ендігі алдыма қойған мақсатым осы құзыреттілік бойынша Республика деңгейінде биіктен көріну және болашақта өзімнің мамандығым бойынша Мемлекетіміздің IT саласынының дамуына өз үлесімді қосамын. Мемлекет жатақхана тұрғын үй мәселесін шешті, енді осы білім ордасы студенттерінің атынан ел дамуына қызмет атқарамыз деп уәде береміз»,-деді Нұрдәулет  Дінасыл.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін  облыс орталығының Қаратал шағын ауданында орналасқан 9 қабатты, 96 бөлмеден тұратын 288 орынға лайықталған  І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университеттің жатақханасы қолданысқа берілген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button