Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам
«Nur Otan» партиясының ресми үгіт-насихат жұмыстары басталды
Бүгіннен бастап «Nur Otan» партиясының ресми үгіт-насихат жұмыстары басталды. Агитацияның алғашқы күнінде «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Қазақстан үшін дауыс бер» атты флешмоб өтті. Аталмыш іс-шараға ауданымыздың еріктілері мен белсенді жастары қатысып, барша аудан тұрғындарын 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауына қатысуға шақырды.
Жалпы Іле ауданы бойынша 48 азамат Іле аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ресим түрде Іле аудандық маслихатының депутатына кандидат есебінде тіркелді.