Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары

15.12.2020г. жұлдызында Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қордың жұмысы жайлы брифинг өтті. Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары туралы баяндап берді. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті.

Қазіргі таңда облыс бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі — 43 (61,4%), жеке меншіктегі -27 (38,6%) мекеме.

Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті.

«COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 16,8 млрд. теңге бөлінді.

Соның ішінде:

— Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға — 7,8 млрд. теңге;

— Стационарлық көмекке — 5,3 млрд. теңге;

— ПТР зерттеуге — 2,7 млрд. теңге;

– Мобильді бригадалар жұмысына — 981 млн.теңге».

Азаматтардың сақтандыру мәртебесін өзектендіру бойынша жұмыстың нәтижесі бойынша, сақтандырылған халықтың саны5,1% — ға артты.

Филиал директоры өз баяндамасында Қор пациенттердің құқықтарын қорғайтындығын атап өтті. Азаматтардан сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты тегін кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтергеқол жеткізе алмау туралы өтініштер келіп түсетіндігі туралы баяндады.

«Еске сала кететін жайт, сақтандырылу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығы бар. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу қажет», — деп нақтылады филиал директоры Н. Отарғалиев.

МӘМС енгізілуіне байланысты азаматтар үшін бірқатар қызметтер тегін қолжетімді болды. Ағымдағы жылы медициналық оңалту қызметтері, қымбат консультативтік-диагностикалық қызметтер (КДҚ) және жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша өсім байқалады. Мысалы, медициналық оңалту бойынша биыл 8 604 пациент қызмет алды, ал 2019 жылы 6 466 пациент (24,8% – ға өсті); жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 2020 жылы 2103 пациент қызмет алды, ал 2019 жылы 1640 (22% – ға өсті); Консультативті-диагностикалық қызмет бойынша: КТ 2019 жылы – 9156 және 2020 жылы – 22177 қызмет (2,4 есе өсті), МРТ 2019 жылы-1228 және 2020 ж. – 11169 қызмет (9 есе өсті).

Халыққа ыңғайлы болу үшін Қор кері байланыстың түрлі арналарын ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды және табысты жұмыс істеуде. Қосымша көмегімен науқастарға кеңес алуға, шағым беруге, сақтандырылуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ, кез-келген адам Қордың Алматы облысы бойынша филиалында ұйымдастырылған азаматтарды қабылдау кабинетіне ақпарат алу үшін келе алады.

МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебеңізді (сақтандырылу мәртебесін) Қор сайтында плагинді пайдалана отырып (fms.kz), телеграм-бот арқылы (https://t.me/SaqtandyryBot) және egov.kz порталында анықтауға болады.Сонымен қатар, Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 колл-орталығының жұмыс істеуін еске саламыз.

«Қордың негізгі міндеттерінің бірі еліміздің әрбір азаматына медициналық көмекке қолжетімділігін қаматамасыз етіп, сапасын арттыру арқылы жоспарламаған қаржылық шығындардан қорғауды ұйымдастыру. Осыған байланысты, өз қызметін тұрақты даму қағидаттарында жүзеге асыратын, халықтың сеніміне ие болатын және медициналық қызметтер нарығын дамытуға жәрдемдесетін әлеуметтік бағдарланған және транспарентті ұйым ретінде Қордың мақсаты айқындалады. Бізге облысымыздың әрбір азаматы маңызды. Егер сақтандырылу мәртебесі бойынша немесе медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты сұрақтарыңыз туындаса, біз әрқашанда кеңес беріп,  жауап беруге дайынбыз», — деп қорытындылады Алматы облысының филиал директоры.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button