Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

11 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы  атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауына  үміткер ретінде  тіркелгендер үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.  Өтеген батыр ауылы, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында «Қазақстан үшін дауыс бер!» атты «Жас Отан» Жастар Қанатының белсенді жастарының қатысуымен партиялық флешмоб ұйымдастырылды.

Бұдан соң М. Түймебаев ауылындағы «Нұрали» кафесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің  ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізілді.

Үміткерлер – С.Жарқынбеков, Б.Сарбөпеев, А.Иманбеков, Б.Алғазиев ауыл тұрғындарына  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіріп, өздерінің мақсат-мүдделерін жан-жақты айтып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.  Үміткерлер өзара пікір алмасып, тұрғындардың көкейкесті өзекті мәселелері бойынша тиісті сұрақтарға жауап берді.

Сонымен  қатар, барлық елдімекендерде үгіт-насихат материалдары ілініп, тұрғындар арасында таратылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button