Аудан жаңалықтарыҚоғамМерекелер

Тәуелсіздік таңы құтты болсын!   

Тәуелсіздік деген сөздің мағынасы қанша көлемді болса,қазақ тәуелсіздігінің тарихы да сонша терең.Ата бабамыз сан жылдар армандаған еркіндік, ешкімге бодан болмауға деген талпыныс,елін,жерін қорғауға деген жаужүректік, дәстүрін-салтын сақтауға деген асқақ арман,бәрі,бәрі осы бір қасиетті сөзге арқау болып тұр. Елімізде аталып өтетін мерекелердің ең ұлысы да,ең бастысы да -Тәуелсіздік мерекесі  болуы заңды.Қазіргі таңда ұлт мерекесін жастарға  насихаттау,оның қадірін түсіндіру және  жан-жақты мәліметтер беруді білім ошақтары  жоспарлы түрде жүргізіп отыр.Қашықтықтан оқыту барысында да тәрбие сағаттарында тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар толастаған емес,бейнероликтер,көрнекі слайдтар арқылы оқушылардың танымын дамыту , еліміздің шынайы патриоттарын тәрбиелеу -басты назарда.Барша аудан халқын алдымыздағы қымбат мерекемен құттықтаймын,болашағымыздың кепілі болған Тәуелсіздік тұғырлы болсын!!!

Г.Жумабаева  21 ОМ физика пәні мұғалімі 

Басқа жаңалықтар

Back to top button