Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

Қадірменді ағайын! Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Азаттықты аңсаған алаш жұртының жалынды жастарының сонау өткен ғасырдың, яғни 1986 жылғы желтоқсанның ызғарында мұз жастанып, бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерліктері, көзсіз батырлықтары Тәуелсіздікке жол ашты. Сол бір ызғарлы күндердегі жастардың қайсарлығы, қаһармандығы бүгінде Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бұл мереке, шын мәнінде, ата-бабамыздың ежелден аңсаған асқақ арманы орындалған, мақсат-мүддесі жүзеге асқан күн! Жарқын жасампаздық пен үкілі үмітіміздің үстем болып, азат еліміздің өз алдына дамуына жол ашылған күн!

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақстандықтар нарықтық экономикамен қабаттасып келген көптеген қиындықтарды жеңіп, өркениетті елдер қатарына қосылды. Жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы артып, халықтың тұрмысы барынша жақсарды. Сондықтан да әлемдегі алпауыт мемлекеттер тәуелсіз Қазақстанмен ынтымақты қарым-қатынас, тығыз байланыс орнатып, дүние жүзі қауымдастығы алдында абырой-беделіміз биіктей түсті.

Құрметті жерлестер! Азаттық пен еркіндіктің бастауы, жасампаздықтың жарқын көрінісі болып табылатын осы маңызды мереке күні баршаңызға денсаулық пен амандық, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін. Еліміздің қарыштап дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты, жемісті болсын! Егеменді еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Б. ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі, «Nur Оtan» партиясы аудандық филиалының төрағасы

Басқа жаңалықтар

Back to top button