Қашықтан оқытудағы дефектолог –логопед мамандардың жұмыстарының ерекшеліктері
Біздің мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бері білім беру ісіне аса көңіл бөліп келе жатқан алдағы мемлекеттердің бірі. Қандай жағдай болмасын, білім беру тоқтатылмауы тиіс. Кәзіргідей қиын жағдайда да біздің мемлекетіміз білім беру саласында оңтайлы шешім қабылдай білді.Ол әрине қашықтан оқыту бағдарламасы.Соның ішінде коррекциялық сабақтарды да қашықтан оқыту жолға қойылып отыр.Қашықтан білім беру барысында коррекциялық түзету жұмыстарын жаңа заманға сай, жаңартылған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ,логопедиялық кеңес беру болашағы- мол әдіс. Мұндай әдіс бала мен оның ата-анасына, жаңа бағытта үздіксіз түзету жұмыстарды жүргізуге өз үлесін қосады.
Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектепте, дефектолог – логопед мамандары түзету-дамыту сабақтарын өткізіп жүр. Біздің мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар, үйден оқитын оқушылар , ОПМК тұжырымдамасы және дислалиясы бар оқушылармен,дамуының ерекшелігінебайланысты әрқайсысына жеке түрде қашықтан оқытудың бағдарламасын құрдық. Әр оқушының қабілетіне қарай күнтізбелік тақырыптық жоспар мен күнделікті жеке сабақ жоспары құрылып , дидактикалық материалдар дайындалып, түзету сабақтары жүргізіліп отыр. Қашықтан логопедиялық түзету жұмысын баланың жасына және диагнозына қарай бейімдеп алынды.
Қашықтан оқытуға байланысты WhatsAPP желісі арқылы түзету сабақтарын өткізуде, оқушының ата – аналарымен бірге отырып тапсырмаларды орындаған абзал. Мысалы:қысқа бейне, презентация немесе ойын түрінде тапсырмалар берілді. Жұмыс кезінде баланың назарын сабақты түсіндіруге аударып ,тапсырманы мейілінше аздау беруге тырысамыз.Бұл сабақта ата-аналардың рөлі маңызды.
Сонымен қатар балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуымыз қажет. Осындай жағдайда ата-аналар ұстаздарға оқушымен қашықтан қарым-қатыныс жасауға көмектесе алады. Ата — анаға дефектолог — логопед кеңес бере алады. Ата-аналарға нәтижелерді бекіту үшін баламен үй тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушы мен ата-ана берілген кеңестер мен тапсырмалады ескере отырып өз беттерімен жұмыс жасап, кері байланыс жіберіп отырады.Біз алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, өз жұмысымызды құра аламыз. Егер оқушылар біздің жасаған әдістерімізбен қашықтан жұмыс істей алмаса, құралдарымызбен тәсілдерімізді өзгертуіміз қажет болғаны.
Осы оқушыларды Республикалық, обылыстық, аудандық байқауларға қатыстырып жүрміз. Бүгінгі таңда біздің мекетептен екі оқушымыз Республикалық «Жыл мезгілдері атты» байқауға қатысып, өзінің ата – анасының қолдауымен жасалған жұмыстары жіберілді.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыларға кешенді жеке бағытталған психологиялық–дефектологиялық,әлеуметтік-педагогикалық көмекті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін пән мұғалімдермен, педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен және мұғаліммен тығыз және белсенді байланыста болады.
Қашықтан оқыту сабақтарын өткізу принципті шығармашылық процесс және әрбір маман АКТ негізінде өзінің жеке әдістемелік-дидактикалық және ақпараттық-коммуникациялық базасын құрайды. Қашықтан оқыту кезінде жұмыс тәжірибесі, сабақ жүйесін дұрыс ұйымдастыру, қазіргі бағдарлама бойынша сабақ өткізудің осы форматына бейімделу, оқушының жеке сұраныстары мен тілектерін есепке ала отырып, сөйлеу қиындықтары бар оқушыларды оқытудың елеулі нәтижелеріне қол жеткізетінін дәлелдейді.
Жусупова Т.К , Орынбаева Ж.Ж
Ә. Молдабеков атындағы №6 орта мектептің дефектолог – логопед мамандары