Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыҚоғам

Сыбайлас жемқорлық

Бұл тақырыпты ашу үшін осы заманның ғалымдары, заңгерлер, исламдінінің ұстанымын, талабын білген жөн

«Сыбайлас жемқорлық терминінің халықаралық атауы — коррупция», бұл терминнің этимологиясы латынның «corruptio» (парамен сатып алу) уғымын білдіреді. Н.В.Кузнецова – сыбайлас жемқорлықты әлеүметтік құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. А.И.Долгова осындай пікірді қолдап отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестірү деген сөз. Басқа ғалымдар, коррупцияны шенеүніктердің өз қызмет бабын өз жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шірүі деген анықтама береді. Бұл жағдайда олар «cor» (дене) сөзін негізге алып коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз «дененің ірүі» іріп шірүі процесі деп анықтама келтіреді. Б.В.Волженкин «сыбайлас жемқорлық дегеніміз әлеуметтік құбылыс боп табылатын биліктің іріп шірүі, мемлекеттің функцияны атқарұға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының немесе топтық мүдде үшін пайдалануы» деп анықтама береді. Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтуға болады. Осыған орай заң әдебиеттерінде сыбайлас жемқорлыққа екі түрлі көзқарас қалыптасқан; тар сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі).
Ал исламда пара алудың, пара берүдің және пара мәселесінде делдал болудың үкімі не? Пара мансап иесін параға жығу мақсатында берілетін мүліктік құндылық. Ол пара мансап иесін өз тарапына тарту немесе пара берүші өз мақсатына жетү үшін беріледі. Алла Тағала мұсылмандарға пара алудан және пара берү арқылы мансап иелерінің разылығын табудан тыйған. Сонымен қатар екі жақтың арасында ( пара алушы мен пара берүшінің) жүрген дәнекер де ауыр күнә істеген болады.Алла Тағала айтады: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар ». Имам Бухари және имам Муслим риуят еткен хадисте Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деген; «Алла Тағала пара берген және параны алғанды лағынеттеді». Зұлымдық ету мақсатында пара беру ауыр қылмыс әрі күнә. Сонымен қатар түрлі істі бітіру мақсатында пара беруге де болмайды. Бірде Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Абдуллаһ ибн Рабаханы (родиял-лаһу ъанһу) яһудилерге жібереді. Олар құрма бақтың салығын төлеуі тиіс еді. Сонда яһудилер Абдуллаһты (родиял-лаһу ъанһу) параға жыққысы келіп, оған түрлі сыйлықтар ұсынады. Олардыңбул ісіне ол: «Сендердің параларың заңсыз. Сондықтан біз оны қабыл етпейміз»-деп жауап береді. (Имам Малик) жемқорлыққа алып баратын пара тіленушілік қоғамды бұзады. Пара жүрген жерде әділетсіздік әділ орнына қабылданып, тыйым салынған нәрсеге рұқсат етіледі және әділетсіз шешім шығарылады. Залымдар істі өз пайдасына шешу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Пара жүрген жерде жауап кершілік деген болмайды. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның ісі харам. Сондықтан да, уа қадырменді мұсылман қауым! Күмәнді нәрседен аулақ болыңыздар! Харамнан Алла Тағаланың өзі сақтасын!
Құрметті оқырманқауым, сіздер қалай ойлайсыздар, өз пікірлеріңізбен бөлісіңіздер.Еліміз аман, жұртымыз тыңыш болсын ағайын! Алладан тілерім,елімді, ескі жылда есіркеп, жаңа жылда жарылқасын ! Әмиин әжмағиин!!!

Қараой ауылдық округі бойынша — Қоғамдық кеңесінің төрағасы, дінтанушы Қабылтай қажы Түркпенбай ұлы Әлімбаев

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button