Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — маңызды іс
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа дер кезінде тойтарыс берілуін талап етіп отыр. Сол себепті әр мемлекеттік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәтижелі күрес жүргізу, әр азаматтың құқылық мүддесін және оларды алдын ала жемқорлық іс-әрекеттерден қорғау, ескерту және жол бермеу, мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған болу керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір адамның емес, көпшіліктің белсене ат салысатын ісі. Сондықтан «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей көпшілік бірлессе, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес, азаматтық және қоғамдық ұйымдар маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет.
Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс деп айқындалған. Чапаев ауылдық округінің ұжымы да Президенттің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы Жарлығы мен Жолдауын шын жүрекпен қабылдады. Округте 11177 -нан астам халық тұрады. Жарлық пен Жолдаудың мақсаты мен күрес жолдарын әр тұрғынға жеткізу үшін үгіт насихат жұмыстары бірінші кезекке қойылды. Арнайы іс жоспар жасалып, онда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу және күресу жолдары қарастырылды. 7 адамнан арнайы топ құрылды. Топ мүшелеріне қоғамдық ұйымдары мен ауыл белсенділері кірді. Жұмыс жоспарына сай, мекемелерде, сауда орталықтарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» туралы үгіт насихат жұмыстары үзбей жүргізілуде. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары жазылған үндеу парақшалары таратылды. Чапаев ауылдық округі әкімдігі «Nur Otan» партиясымен келісе отырып бірнеше мекемелерде Жарлықтың орындалу барысын білу үшін тексерулер жүргізсе, одан бөлек Округте «сенім» телефонының нөмірлері көрнекі жерде ілінулі, ал ұсыныс және шағым жәшігі әкімдік ғимаратында орналасқан. «Сенім» телефонына түскен және заң бұзушылық туралы мәліметтер жоқ.
Сыбайлас жемқорлық – бұл індет,ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күрес тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық.
Токуров Қ.Е
Чапаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың төрағасы