«Nur Otan» партиясының кандидаты Бауыржан Ербозымұлымен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан Іле ауданы әкімінің кітапханасында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ысқақ Бауыржан Ербозымұлы ауыл тұрғындарымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау аясында кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шара кезінде сайлауалды бағдарламада көрсетілген дамудың жеті басымдығы атты жұмыстары талқыланды, ауыл тұрғындарынан кездесу барысында үміткерлерге бірқатар сұрақтар қойып, және ұсыныстар түсті, алайда аталған үміткерлер қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға толық әрі нақты жауап бере алды.
Басты мәселелер аудандағы перзентхана және жедел жәрдем қызметі болды. Бауыржан Ербозымұлы бұл мәселенің басты назарда екенін атап, шешімін табатынын айтты.
Шара торлығымен карантиндік талаптарға сай өткізілді. Әлеуметтік қашықтық сақталып, қатысушылар бетпердеде болды.