Алматы облысының жаңалықтарыКазЦИК ауылдық округіҚоғам

ӨТІНІШТЕР ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУЫНДА

«КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  4 бағытта  мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

15 наурыз  2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  16)-тармақ-шасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан  Республикасы Заңына сәйкес, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, биылғы оқу жылында округ мектептерінде оқушылар қашықтан оқыды. Осыған орай,  2020-2021 оқу жылдары шалғайдағы елдімекендерде тұратын балаларды тасымалдау жүзеге асырылмады.

«Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, елді мекен шегінде обьектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы шешім шықпады.

Жеке тұлғаларды жер учаскесін алу тізіміне тіркеу Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жыл басынан жер учаскесін алу үшін 44 адам кезекке тұрды. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін арнайы есепте 2539 өтініш бар, сондай-ақ, тізім Іле ауданы әкімдігінің  сайтында  орналасқан.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бектіу туралы заңына сәйкес, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге жыл басынан 6 шешім шығарылды.

Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында округке қарасты мемлекеттік мекемелерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары орналасқан.

Ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында ішкі  мониторинг жүргізіліп тұрады.

 

Д. ҚҰЛЫМБЕТОВА

КазЦИК ауылдық округінің әкім орынбасары.

21. 12. 2020 ж.

Басқа жаңалықтар

Back to top button